ПРЕСС-РЕЛИЗ

2021 жылдың 23 желтоқсанда Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 2021 жылы қабылданған магистранттарының ғылыми жетекшілері мен зерттеу тақырыптары (ғылыми және педагогикалық бағыт), магистратураның «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша МАК төрағалары мен құрамының кандидатуралары мақұлданды, сондай-ақ 2021 жылы қабылданған докторанттарының зерттеу тақырыптары мен 2022 жылдағы Академияның ғылыми еңбектерін баспаға шығару жоспары бекітілді.

Ерекше еңбегі мен үздік оқуы үшін, Ғылыми кеңес отырысында, бір қатар қызметкерлер мен білім алушыларды Академия Құрмет тақтасына енгізу деген шешім қабылданды.